Қоғам

Смирнова: миллиондаған қазақстандық банктердің кесірінен зардап шекті

© Photo : Служба центральных коммуникацийИрина Смирнова
Ирина Смирнова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова екінші деңгейлі банктерден бизнес ашу үшін несие алып, төлей алмаған борышкерлердің мәселесін көтерді
Смирнова: около миллиона казахстанцев пострадали от деятельности банков

Оның сөзіне сүйенсек, қарыз алушы бизнес ашу үшін банктен несие алып, бастаған ісі қандай да бір себептерге байланысты кіріс әкелмейтін болса, банк несиені төлеудің басқа шешімдерін айтпай, бизнесті тартып алады, мүлкіне тыйым салып, адамды жұмысы мен кірісінен айырады. 

"Осы уақытқа дейін банк жалақысының жүз пайызын алатын, қазір 50 пайызын алады. Бірақ ол адамның екі несиесі болса, елу пайызын бір банк, қалған соманы екінші банк алып қояды. Мұндай адамдар өте көп, олардың бала-шағасы бар, жалақысыз қалып, бизнесінен айырылады, баспана алу үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайды. Оларды баспанасынан шығарады, үнемі күйзелісте жүреді", — деп наразылығын білдірді Смирнова.

Депутаттың мәліметінше, Қазақстанда мұндай борышкерлердің саны бір миллионға жетеді.

Депутаттың толық пікірін аудиофайлдан тыңдай аласыздар.

Жаңалықтар
0