Саясат

Елбасы Кубадағы әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

© REUTERS / HANDOUTКубадағы әуе апаты
Кубадағы әуе апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеп, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Гавана қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

"Осынау қиын сәтте, қаза болғандардың туыстары мен жақындарының, сондай-ақ барлық Куба халқының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Кубада жұма күні болған Boeing 737-200 апаты салдарынан жүзден астам адам қаза тапты.

Үш әйел адам аман қалып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Біреуі кейінірек ауруханада көз жұмды. Тағы бір аман қалған жолаушы ауруханаға апара жатқанда жан тапсырған.

Жаңалықтар
0