Қоғам

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам Қазақстаннан көшіп кетті

© Photo : StelaDiЧемодан
Чемодан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоныс аударушылардың басым бөлігі солтүстік облыстардың тұрғындары, есесіне ірі қалалардың халқы өсіп жатыр

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. 2018 жылдың басынан бері Қазақстаннан 6 846 адам қоныс аударған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Адамдар - Sputnik Қазақстан
Саясат
Жалғызбасты қоныс аударушылар мемлекеттік қолдауға ие болады

Комитеттің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі ТМД, оның ішінде Ресейге қоныс аударған.  Германияға 500-ге жуық, АҚШ-қа 60-тан астам азамат көшіп кеткен. 

"Ең үлкен көші-қон Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Қазақстанға тұрақты тұруға келетін шетелдіктер де аз емес, олар, әдетте, ірі қалаларды таңдайды", — деді комитет сарапшысы Қайыр Рыспаев "Астана" арнасына берген сұхбатында. 

Бұдан бөлек, қала халқының саны, әсіресе, мегаполистерде өсіп жатқаны айтылады. Мәселен, Алматыға көшіп келгендердің саны қоныс аударғандардан 9 294 адамға көп, қазргі уақытта қала халқы 1 миллион 815 мың адамға жеткен. Астанада бұл көрсеткіш — 3 370 адам. 

 

Жаңалықтар
0