Спорт

Головкиннің промоутері 2018 жылы қанша жекпе-жек болатынын айтты

© AFP 2024 / Frederic J. Brown Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен Альварестің реваншы биыл қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Промоутер Том Леффлердің айтуынша, WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин биылғы жылы екеу емес, үш жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жаңа әлем чемпионы Головкин — "Канело" реваншы жеңімпазымен кездескісі келеді

2016 және 2017 жылдары Головкин екі жекпе-жектен өткізді. Биыл ол әзірге бір рет шаршы алаңға шықты, қазақстандық боксшы 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқаны белгілі. 

Головкиннің келесі қарсыласы — Cауль "Канело" Альварес. Қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекке жоспарланып отыр, деп жазады sports.kz.

"Бәрі келесі жекпе-жектің нәтижесіне байланысты болады. Барлығы жақсы болса, Геннадий биылғы жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шығуды көздеп отыр", — деп жауап берді Леффлер. 

 

Жаңалықтар
0