Өңірлер

ШҚО-да наурызда жоғалған зейнеткердің денесі орманнан табылды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуҚарағай. Архивтегі фото
Қарағай. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сараптама қорытындысы көрсеткендей, қарт адам далада үсіп қалған

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауылының тұрғыны 78 жасар Александр Фомичев 31 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп жазды altaynews.kz. 

Рельстер, темір жол - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өскеменде жоғалып кеткен 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Ол 26 шақырым жерде орналасқан омартасын көріп келемін деген екен. Бірақ 1 сәуір күні оның сол бойы омартаға жетпегені анықталады. Бесінші сәуірден басталған іздеу жұмыстарына зейнеткердің туыстарымен қатар жергілікті полиция мен ТЖ бойынша департаменттің өкілдері де қатысты. Бірақ ол ұзақ уақыт еш нәтиже бермеді.

Тек 12 мамырда ғана Фомичевтің денесін орман жиегінен полиция капитаны Дәурен Апижанов тауып алады. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, қарт адам далада үсіп қалған екен. Ол жолға шыққан күні ауа-райы аса аязды болып тұрған деседі.


Жаңалықтар
0