Спорт

GGG Деревянченкодан қорқа ма? Головкиннің промоутері жауап берді

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Том Леффлердің пікірінше, Геннадийді "жалтарғыш" деп есептейтін жанкүйерлер өте аз

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер Сергей Деревянченкодан қорқып, әлжуаз Ванес Мартиросянды таңдады деген сынға түсініктеме берді, деп жазды Sports.kz.

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жаңа әлем чемпионы Головкин — "Канело" реваншы жеңімпазымен кездескісі келеді

Деревянченконың өкілі Лу ДиБелла Головкиннің Сауль Альвареспен реваншы тоқтатылғаннан кейін украиналықпен жекпе-жек өткізуді талап еткен болатын. Дегенмен Леффлер мұндай жекпе-жекті ұйымдастыруға көп уақыт керек деп есептеді. Соған қарамастан, IBF GGG-ді 3 тамызға дейін Деревянченкомен жұдырықтасуға міндеттеді, келіспеген жағдайда ұйым өз белбеуін тартып алмақ. 

"Головкин Дэниэл Джейкобспен, артынша "Канеломен" – яғни дивизиондағы екі үздік боксшымен рингке шықса, оны әлдекімнен қашты деп қалай айтуға болады? Осыншалық өзгеріске ұшыраған промоушенге бұрын-соңды қатыспаған екенмін. Біздің жекпе-жекті ұйымдастыруға екі жарым апта ғана уақытымыз болды. Ал Геннадийдің, бірнеше тұжырым бойынша чемпионның жағдайында трансляцияға құқық алу, билеттерді сату, демеушілер табу секілді қыруар жұмысты атқару керек. Ванеске қарсы жекпе-жектің келісімін аяқтауға бар-жоғы үш күн уақытымыз болды.

Меніңше, Геннадийді "жалтарғыш" деп жанкүйерлердің аз ғана бөлігі есептейді. Егер "GGG-дің "Канеломен" жұдырықтасқанын қалайсыз ба, әлде Деревянченкомен бе?" деп сұрасаңыз, оның [Деревянченко] промоутерін, менеджері мен бапкерін қоспағанда, адамдардың 99% "Канелоны" таңдайды деп ойлаймын. Егер "Канеломен" екінші жекпе-жек өтетін болса, Головкин рингте біреуден қорқады деп ешкім айта алмайды", — дейді Леффлер. 


Жаңалықтар
0