Қоғам

Қазақстандық түлектер неге Ресей мен Қытай ЖОО-ларын таңдайды?

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайда қазір 14 мың қазақстандық студент білім алып жатыр, ал Ресейде – 70 мыңнан астам

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстандық түлектердің студенттік көші-қонын сараптау бойынша ірі зерттеу жобасының нәтижесінде анықталғандай, қазақстандық түлектердің 20 пайызы Қытай мен Ресей жоғары оқу орындарын таңдайды екен.

Ресей - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресейдің білім министрі қазақстандықтарды ЖОО-да тегін білім алуға шақырды

Жыл сайын қазақстандық мектеп аттестатын 100 мың түлек алады. Оның 20 пайызы, яғни әр бесінші түлек шетелге оқуға түседі.

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы шетелде оқып жатқан 101 044 қазақстандық студенттің 86 пайызы Ресей мен Қытайда екен. Тәжірибе көрсеткендей, ресейлік және қытайлық ЖОО қазақстандықтарды тартып, сол бағытта белсенді саясат жүргізіп жатыр. Қазір Ресейде 70 мыңнан астам студентіміз білім алып жүр, ал Қытайда – 14 мың. Бұл көрсеткіштер жыл сайын артып барады.

ҚАЗМЗУ Жоғары экономика мектебі (HSE) зерттеуіне Қазақстанның 14 қаласынан 1400 оқушы қатысты. Сауалнамадан жас қазақстандықтардың неге шетелдік ЖОО-ларын таңдайтыны анықталды.

"Бірінші фактор — арзан немесе грант бойынша тегін түсуге болады, екі ел де жыл сайын бөліп отырады. Екінші фактор — Қытай мен Ресей ЖОО-ларына түсу салыстырмалы түрде жеңілірек, ҰБТ немесе тілдік тестілеуден өту керек емес. Батыс ЖОО-ларына қарағанда білім алу оңайырақ. Үшінші фактор — ата-ана, оларға балаларын жақынырақ елге жіберген қолайлы", — деп хабарлады HSE оқытушысы Марат Райымханов.

Жаңалықтар
0