АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Қасиетті Рамазан айында Астанадағы үш мешітке қоғамдық көліктер тегін қатынайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana LRT компаниясының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
Автобустар "Әзірет Сұлтан" мешітіне дейін – "Спутник" супермаркеті, "Астана-1" т/ж вокзалы, "Көктал-2"тұрғын үй алабы; "Нұр Астана" мешітіне дейін – Медицина колледжі, "Астана-1" т/ж вокзалы, "Көктал-2" тұрғын үй алабы; "Сәдуақас қажы ғылмани" мешітіне дейін – "Спутник" супермаркеті, Көктал-2" тұрғын үй алабы бағыты бойынша жүреді.
Айта кетсек, мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы 17 мамырдан 14 маусымға дейін жалғасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстанның барлық қаласы үшін Ораза және намаз кестесінің нұсқасын әзірледі.