Спорт

Қазақстандық жігіт Эверест шыңын бағындырды

© Photo : 7summit.kzМақсұт Жұмаев
Мақсұт Жұмаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық альпинист әлемнің ең биік нүктесіне бірінші рет шыққан жоқ, биыл ол жаңа бағдармен барды

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Танымал қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев екінші рет Эверест шыңын бағындырды.

Альпинист Мақсұт Жұмаев (сол жақта) - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық альпинист Эверест шыңына Астана туын тігеді

"Бүгін таңертең Мақсұт Жұмаев пен оның достары әлемнің ең биік шыңы – Эверестке шықты. Құттықтаймыз! Шыңға оңтүстік жақтан шыққан, бәрі жоспарға сай. Жарайсыңдар!", — делінген шыңға шығуға арналған сайтта.

2007 жылы Жұмаев Эверестке солтүстік жақтан шыққан болатын. Ол осы жолғы саяхатының барысын үнемі әлеуметтік желіде жариялап отырды.

Жаңалықтар
0