АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Желіде пайда болған дыбыстық иллюзияны тыңдап көрді.
Трамп тыңдаған аудионы біреулер "Лорел" (Laurel), өзгелер "Йенни" (Yanny) деп естиді. Ал АҚШ басшысының жауабы жұртты қыран-топан күлкіге қалдырды.
"Мен "covfefe" (оқылуы — "ковфефе" ) деп естимін", — деді Трамп.
#Laurel? #Yanny? Or… pic.twitter.com/5hth07SdGY
— The White House (@WhiteHouse) 17 мая 2018 г.
Негізінде "covfefe" сөзінің еш мағынасы жоқ. Алайда Америкада Трамптың арқасында біраз танымалдыққа ие болған.