АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен 60 жастағы әйел ауруханада жан тапсырды.
Оқиға өткен сенбі, 12 мамыр күні Көкшетауда болған.
Әйел "жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған" деген диагнозбен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Ол алған жарақатынан 14 мамыр күні көз жұмды, деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Аталған дерек бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Бұған дейін әйел өзін өлтірмек болған, ол есепте тұрғаны белгілі болды. Анасымен және бауырымен бірге тұрған.