Спорт

Жеңілмеген қазақ боксшысы WBC чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

© Photo : Vincent Ethier / EOTTMБатыр Жүкембаев
Батыр Жүкембаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыр Жүкембаев аргентиналық боксшымен Давид Лемье - Карим Ашур арасындағы жекпе-жектің андеркартында күш сынаспақ

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін қашан өтетіні анықталды, деп жазды prosports.kz. 

Доллар - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мәдиев Головкин – Мартиросян жекпе-жегі андекардынан қанша гонорар алғаны анықталды

Boxrec.com сайтының ақпаратына сүйенсек, отандасымыз 26 мамырда WBC тұжырымының белбеуі үшін қолғап түйістіреді. Батыр Оңтүстік Америка аймағының және WBC ұйымы күміс белбеуінің иегері аргентиналық Джонатан Хосе Энизбен (20-9-1, 7 КО) жұдырықтасады. Кездесу бірінші жартылай орта салмақ аясында өтеді. 

Боксшылар Давид Лемье — Карим Ашур арасындағы жекпе-жектің андеркартында күш сынаспақ.

Айта кетейік, Жүкембаев осыған дейін кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңген, оның 10-ын уақытынан бұрын аяқтаған. 


Жаңалықтар
0