Қоғам

Бишімбаевтың апелляциясы: адвокаттар өтініш жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бишімбаевтың адвокаты бірнеше айғақты іс материалынан алып тастап, пара алу дерегі дәлелденбеді деп тануды талап етті

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Астанада сот бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша апелляцияны қарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сотта Бишімбаевтың адвокаты Сәлімжан Мусин өтініш жасады.

"Бишімбаев бірнеше рет беттестірген, бірақ бұдан бұрын одан жауап алынған жоқ. Ұсталған кезде өз құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартты. Соған қарамастан айыптау оның бас тартуын тергеумен теңестірді", — деп мәлімдеді Мусин.

Оның айтуынша, мұның бәрі Бишімбаевқа қатысты "айыптау айғақтарының санын жасанды түрде көбейту мақсатында" әдейі істелген.

Назым Бишімбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бишімбаевтың әйелі: күйеуіме он жыл береді деп ойлаған жоқпын

Мусиннің сөзіне сүйенсек, хаттамалар заңсыз жолмен алынған, өйткені тергеу барысы тіркелген жоқ. Ол бұл айғақтарды алып тастауды сұрады.

Сонымен қатар, Мусин құжаттардың көшірмесін іс материалдарынан алып тастауды сұраған.

Бишімбаевтың өзі сот залында емес. Бұрынғы министрдің қорғаушылары, оның ішінде жары Назым Бишімбаева Бишімбаевтың отырысқа қатысуын өтінді. Назым Бишімбаеваның қолында жұбайының өтініші бар.

Қорғаушылар өтініші бойынша, Бишімбаевтың 2 миллион доллар пара алғаны турады дерек дәлелденбеген болып танылуы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаев бұдан бұрын он жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген болатын.

Жаңалықтар
0