Қоғам

Астанада әкесінің көлігіне мінген жасөспірім екі кісіні қағып кетті

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуБағдаршам
Бағдаршам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, кәмелеттік жасқа толмаған жүргізуші ұсталған

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Астанада әкесінің көлігіне мінген жасөспірім екі кісіні қағып кетті, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға сейсенбі күні сағат 18:30-да Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылысында болған.

Алматыда өрт сөндіру көлігі әйел адамды қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда өрт сөндіру көлігі әйел адамды қағып кетті

"Mitsubishi жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етуші жарығына жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Жол полициясы қызметкерлері құқықбұзушыны бірден тауып, Мәскеу көшесі бойындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады. Ол 2001 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған бала", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған, олардың хәлі туралы мәлімет жоқ. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Полицейлер жасөспірімнің ата-анасының біреуінің қатысуымен тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0