Өңірлер

Алматы облысында жыл бойы істейтін тау шаңғы демалыс орны ашылады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоТау шаңғы демалыс орны
Тау шаңғы демалыс орны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыста белсенді демалысты сүйетін қауым шаңғы мен коньки тепсе, жазда велосипед пен атқа мінеді

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Алматы облысында "Апорт-Ақтас" атты жыл бойы істейтін тау шаңғы демалыс орнын құру жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады өңірдің баспасөз қызметі.

Шымбұлақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымбұлақ тау шаңғы шипажайы қызметінің қымбаттауы алматылықтарды ашуландырды

Құрылыс жобасы бойынша демалыс орны Талғар ауданында орналасады. Онда 12 арқан жол, қашықтығы 31 километр тау шаңғысы жолы, қонақ үйлер, мейрамханалар мен дәмханалар салынбақ. Жылына келушілер саны – 724 мың, ал күніне 12 мың адам болады деп көзделген.

Жобаны іске асыру аясында 600 жұмыс орны құрылады.

"Алматы облысына жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы өңірдің туристік әлеуетін белсенді пайдалануды тапсырған болатын, оның ішінде тау туризмін қарқынды дамыту керек. Тау шаңғы курортының инвестжобасы осы тапсырманы орындауда өте маңызды рөлге ие. Соның арқасында туристер саны көбейеді. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындары, инвестициялар пайда болады және, ең бастысы, салауатты өмір салтын насихаттаймыз", — деп атап өтті облыс әкімі Амандық Баталов. 

"Alina" компаниясының президенті Ерлік Балфанбаевтың айтуынша, тау шаңғы курорты жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істей береді. Қыста тау шаңғысы, хоккей, коньки тебу сияқты қызықтар болса, жазда велосипед теуіп, атқа мінуге болады.

Жаңалықтар
0