АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Алматыда 7-ші қалалық аурухана жанында Райымбек даңғылы бойында жол апаты салдарынан жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, бұзылған FAW шағын жүк көлігі сол жақтағы шеткі жолақта тұрған, ал жүргізушісі оны жөндеуге тырысып жатады. Сол кезде батыс бағытта келе жатқан Volvo жүргізушісі жүк көлігін көрмей қалады. Жол апатын болдырмауға тырысқанымен, тоқтап үлгермей, бар жылдамдығымен FAW көлігінің артына соғылған.
Қатты соққыдан шағын жүк көлігі 180 градусқа айналып, иесін қағып кеткен. 1994 жылы туған жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.