АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрлігі жүргізген жаппай тексеріс нәтижесінде мыңнан астам сауда нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмайтыны анықталды. Сауда орталықтарындағы "рейдтің" қорытындысы Астанадағы брифингте айтылды.
Бүгін де сарапшылар барлығы 1260 нысанның 1201-ін тексеріп шығыпты. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің сөзіне сүйенсек, 23 нысанда ғана қауіпсіздік ережелері толығымен сақталған. Ғимараттарда көбінесе қосалқы есіктер жабық болған, эвакуация барысында есіктер ашылмаған, эвакуация жолдарын көрсететін белгілер болмаған.
Айыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 18 миллион теңгеден асты.
"15 нысан тексерілген жоқ, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Бүгін 50 нысандағы тексерістің нәтижесі белгілі болды. Қайталап тексеріліп жатыр. Олардың 36-сы кемшіліктерін жойды", — деді Ильин.
Оның айтуынша, 14 сауда орны қателіктермен жұмыс жасамаған. Олардың көпшілігі Алматыда (13 нысан). Сот шешімі бойынша айыппұл төлеуге міндеттеліп, қызмет етуіне үш айға тыйым салынуы мүмкін.
Бұдан бөлек, елімізде 7 мың білім беру нысаны тексерілген.