Әлем

Өзбекстандық ардагерлер Мәскеудегі парадтан соң қателесіп Сочиге ұшып кеткен

© Sputnik / Александр Мазуркевич / Медиабанкке өтуАрдагер. Архивтегі фото
Ардагер. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті әкімшілік олардың бар жағдайын жасап, бір күн қондырып, қаланы аралатқан

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Өзбекстандық жеті ардагер Мәскеудегі Жеңіс парадынан кейін Кисловодскке демалуға баруы тиіс болған, алайда қателесіп Сочиге ұшып кеткен, деп жазды life.ru. 

Светлана Жақыпова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жақыпова: биыл қазақстандық ардагерлер Мәскеуге парадқа бармайды

Жеті майдангерді туыстары мен дәрігерлер Мәскеудегі Жеңіс парадына ертіп барған, ал содан кейін  Кисловодсктегі шипажайда емделуі тиіс еді, алайда билетті шатастырып алып, Сочиге ұшып барыпты.  

Курортты қаланың билігі мән-жайға қаныққаннан кейін қонақтарды қабылдап, Сочиді аралатқан, содан соң Кисловодскке билет алып беріп, шығарып салған. 

"Сочиде бұған дейін де бірнеше рет болдым, шипажайларында емделдім. Қазір өзгергенін көріп отырмын, қала көркейіп кетіпті. Жылы қабылдап, қонақжайлық танытқандарыңыз үшін соғыс ардагерлерінің атынан үлкен алғыс айтамын", — деп Сочи әкімшілігі ардагерлердің бірі Беккул Хамзаевтың сөзінен үзінді келтірді.  


Жаңалықтар
0