Видео

Санкт-Петербордағы өзен қызыл түске боялды

Жазылу
Санкт-Петербордағы Мурзинка өзені күңгірт қызыл түске боялды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл судың түсі жиі құбылатын көрінеді

Әлеуметтік желі қолданушылары қызыл түсті өзен құрылысты айналып ағып жатқаны көрініс тапқан фотосуреттер мен видеоларды жүктеп жатыр, деп хабарлады РИА Новости. 

"Улы жасыл түстен қанды қызыл түске дейін өзгереді. Неваға қосылып жатыр. Меніңше, оны бензин багына құюға болады", — деп жазды қыздардың бірі "ВКонтактеде".

Өзге қолданушы өзен қызыл түске боялып қана қой, көпіршіктеніп жатқанын атап өткен.  

"Басқа күні басқа түске енеді – жасылдан бастап қараға дейін өзгеріп тұрады", — делінген әлеуметтік желі қолданушыларының бірінің жазбасында.  

Судың түсі неліктен өзгергені туралы мәлімет жоқ.  


Жаңалықтар
0