Мәдениет

"Евровидение – 2018" жеңімпазы анықталды. Бағы жанған қай әнші?

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өту"Евровидение-2018" байқауының жеңімпазы израилдік Нетта Барзилай
Евровидение-2018 байқауының жеңімпазы израилдік Нетта Барзилай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Евровидение – 2018" ән байқауында израильдік Нетта Барзилай "Toy" әнімен бас жүлдені жеңіп алды

АСТАНА, 13 мамыр — Sputnik. Португалия астанасы Лиссабонда өткен "Евровидение-2018" жаһандық ән сайысының жеңімпазы анықталды. 

Финалда "Toy" ("Ойыншық") композициясын орындаған Израиль елінің әншісі Нетта Барзилай 259 балл жинап, бақталастардан озды, деп хабарлады 24.kz СNN телеарнасына сілтеме жасап.

Екінші орын Кипр елінен келген Элени Фурейраға бұйырды. Күншуақты елден қатысушы өнерпаз 436 балл жинаған екен. Ал үшінші орын сонау бесінші құрлық Австралиядан ат арылтқан әнші Сезар Сэмпсонға бұйырды. Ол 342 балл жинаған. 

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуӘнші Элени Фурейра (Кипр)
Элени Фурейра (Кипр) - Sputnik Қазақстан
1/2
Әнші Элени Фурейра (Кипр)
© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуӘнші Сезар Семпсон (Австрия)
Сезар Семпсон (Австрия) - Sputnik Қазақстан
2/2
Әнші Сезар Семпсон (Австрия)
1/2
Әнші Элени Фурейра (Кипр)
2/2
Әнші Сезар Семпсон (Австрия)

Жыл сайын жаһанның күміс көмей, жез таңдай әншілерін жинайтын өнер додасының нәтижелерін әділ қазылар алқасы 13 мамырға қараған таңда Altice аренада жариялады.  


Жаңалықтар
0