АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Мәскеуде Халықаралық қатынастар халықаралық мемлекеттік институтының (МГИМО) терезесінен құлап қаза тапқан қазақстандық студент қыздың анасы әлеуметтік желіде жан тебірентерлік пост жариялады.
"Сенің иісің, қолдарың, даусың, күлкің, хаттарың… бәрі жүрегімде сақталған. Сенсіз қалай өмір сүретінімді айтқан жоқсың. "Бағыңды бүлдірме" дегенсің. Үнемі қасыңда боламын дегенсің… Сен… Менің барымсың. Тынысымсың. Тынысым тарылды…", — деп жазды Жанна Ахметова Instagram парақшасында.
Еске салып өтсек, 13 сәуір күні 21 жастағы студент МГИМО терезесінен құлап кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, қазақстандық қыз Дағыстан тумасы — басқа бір оқу орнының студентімен сөйлесіп тұрған. Кей деректерде айтылғандай, екеуі қыз-жігіт болып жүріп жүрген көрінеді. Мәліметтердің біріне сүйенсек, екі жас бір-біріне дауыс көтеріп, жігіт терезені ашып, қызды итеріп жіберген. Жедел жәрдем зардап шеккен бойжеткенді ауруханаға жатқызды. Қыз көптеген жарақат алып, басына зақым келген.
Кейінірек Дағыстан тумасы қарама-қайшы түсініктеме беріп, қазақстандық студентпен болған оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды.
Томирис ауруханада 20 күн жатып көз жұмды.