АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Алматыда Төле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Subaru Legacy Шәріпов көшесімен бағдаршам жасыл жанып тұрған кезде келе жатқан. Сол кезде Audi 100 шығыс бағытта келе жатады. Audi жүргізушісі неге екені белгісіз бағдаршамның қызыл жарығын елемей, Subaru көлігін бүйірден соғады. Қатты соққыдан екі көлік трамвай жолына шығып кеткен.
© SputnikТөле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты
1/2
© Sputnik
Төле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты
© SputnikТөле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты
2/2
© Sputnik
Төле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты
1/2
© Sputnik
Төле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты
2/2
© Sputnik
Төле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты
Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Audi жүргізушісі бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылса, жолаушысының қолы сынған.
Оқиға орнында жол полициясы мән-жайды анықтап жатыр.