АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Қазгидромет демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мамырдағы шуақты және жылы күндер заматта жауын-шашынды және суық күндерге ауысады. Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, күн бұлтты, жаңбырлы болады", — деп хабарлайды синоптиктер.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа-райынан кейін жаңбыр жауады, кей жерлерде екпінді жел соғып, найзағай болжанып отыр. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық норма шегінде болады, ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарында кей жерлерде 2 градусқа дейін қатқақ сақталады.