Қоғам

Қазақстандық бизнесмен Ертаев Ресей азаматтығын сұрады

© Photo : ТОО "Алма ТВ"Жомарт Ертаев
Жомарт Ертаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеу соты Жомарт Ертаевты ұстау мерзімін 13 мамырға дейін ұзартты

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Танымал банкир Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуды сұрады.

қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР ІІМ банкир Жомарт Ертаевтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Бейсенбі күні Мәскеуде сот отырысы болып, оны қамауға алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Сот қабылдаған шешім бойынша, қосымша айғақтарды, оның ішінде РФ азаматтығын алу туралы өтінішін қарау қорытындысы ұсынылғанша Ертаевты ұстау мерзімі ұзартылды", — деп судья мерзімді 13 мамыр сағат 20.00-ге дейін ұзартты.

Мәскеу прокуратурасы Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген Ертаевты еліне экстрадициялау үшін бұлтартпау шарасы ретінде 16 маусымға дейін қамауға алуды сұрады.

Банкир 8 мамырда Мәскеуде ұсталған болатын. Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Жомарт Ертаевқа халықаралық іздеу салынған.

Жаңалықтар
0