АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Ресейдің Красноярск қаласында "Морг" деп аталатын квест ойынына қатысқан оқушы қыз ауруханаға түсті.
29 наурызда он төрт жастағы қыз қараңғы бөлмеде басын металл есікке соғып алған. Ауруханада оған "миы шайқалған" деп диагноз қойылды.
Красноярск өңірі бойынша РФ Тергеу комитеті органына қыз баланың жарақат алғаны туралы ақпарат 8 мамырда түскен.
"Аталған дерек бойынша тергеу алды тексеру жүріп жатыр. Қазір ұйым қызметкерлерінен, квестке қатысушылар мен жәбірленушіден жауап алып жатырмыз. Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", — делінген ТК хабарламасында.