Өңірлер

Құлағынан бұрап, басынан ұрған: мұғалім оқушыға қол көтергені үшін айыпталды

© Photo : pixabayМұғалім
Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұғалім айыптауларды теріске шығарып, ата-аналардың балаларын шектен тыс қорғаштайтынын айтты

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Қарағаныда №86 мектептің орыс тілі мұғалімі оқушыларға қол көтергені үшін айыпталды.

Үнемі ұрып-соғатыны туралы бесінші сыныптың бірнеше оқушысы шағымданыпты.

"Бір күні балам мектептен көңілсіз оралып, мұғалімнің құлағынан бұрап, басынан ұрғанын айтты,тіпті басын партаға соғып алыпты. Кейін "ата-анаңа айтар болсаң, көзіңді ойып алам, өлтірем" деп қоқан-лоққы жасаған. Балаларға осылай деуге бола ма екен?!" —  деді бесінші сынып оқушысының анасы "Новый вестник" басылымына.

Әйел адам прокуратураға, білім басқармасы мен бөліміне, Қазақстанның білім және ғылым министрлігіне арыз жазыпты.

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облыстық сотында жасөспірімді соққыға жыққан әкімнің ісі қаралып жатыр

Нәтижесінде мектепке комиссия келіп, бесінші сынып оқушылары арасында анонимдік сауалнама жүргізген. Қорытынды бойынша, "орыс тілі және әдебиеті мұғалімі педагогикалық этиканы бұзғандығы" расталып, бірақ балаларға қол көтергендігі дәлелденген жоқ.

Мұғалімге тәртіптік жаза тағайындалды, бірақ ұстаз сотқа арыз берген соң жаза алынып тасталған. Педагог оқушының айтқанын жоққа шығарып, ата-аналардың балаларын шектен тыс қорғаштайтынын алға тартты.

Жаңалықтар
0