Саясат

Каспий теңізін бөлісу: Ресей конвенцияға қол қоятын күнді ұсынды

© Sputnik / Ольга Головко / Фотобанкке өтуКаспий теңізі
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Құжатты бекіту алдағы заманда Каспий маңындағы елдердің экологиялық және экономикалық салаларда тұрақтануына мүмкіндік береді

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Ресей Каспий бойынша конвенцияға 2018 жылдың тамызында қол қоюға ұсыныс білдірді.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин хабарлағандай, қазір Каспий теңізін бөлісу бойынша сарапшылар тобы белсенді жұмыс жүргізуде.

Жұмабек Сарабеков - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сарапшы: Астана мен Ашхабад гуманитарлық көмек пен Каспий мәселесін талқылайды

"Тамыз айында Астанада өткізуге жоспарланған Каспий маңындағы елдердің саммиті нәтижелі аяқталып, Каспийдің құқықтық статусы бойынша конвенцияға қол қойылғанын қалаймыз", — деді Карасин РИА Новости тілшілеріне.

Ресей СІМ басшысының орынбасары атап өткендей, конвенция қабылданса, алдағы заманда Каспий маңындағы бес елдің экологиялық және экономикалық салалары тұрақтанып, әрі қарай қабылдайтын шешімдер айқындала түседі.

Бұдан бұрын Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдегендей, Каспий маңындағы елдер — Иран, Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан және Ресей мемлекет басшыларының саммиті биыл екінші жартыжылдықта өтеді.

Жаңалықтар
0