Оқиға

Павлодар-Қызылорда тас жолында бүтін бір отбасы қаза тапты

© Photo : Stefan SchweihoferАпаттық жол белгісі
Апаттық жол белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр

АСТАНА, 10 мамыр  — Sputnik. Павлодар-Қызылорда тас жолында екі көлік соқтығысып, салдарынан ерлі-зайыпты мен олардың бір жарым айлық сәбиі көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жандосов және Манас көшелері қиылысында үш көлік соқтығысып қалды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда ірі жол апаты болды, зардап шеккендер бар

Қайғылы оқиға 6 мамыр түнде болған. Павлодар-Қызылорда жолының 178 шақырымында Toyota Avensis көлігін тізгіндеген 59 жастағы жүргізуші қарсы бетке шығып кетіп, Daihatsu автокөлігімен соқтығысқан. Көлікте 41 жастағы ер адам, оның  36 жастағы әйелі және бір жарым айлық ұлы отырған. Салдарынан үшеуі де оқиға орнында ажал құшты. 

Медициналық қорытындыға сәйкес, 59 жастағы жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Ер адам зардап шеккен жоқ. 

"Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама белгіленді. Күдіктіге қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы таңдалды", — деді ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова. 

Автокөлік тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0