Өңірлер

Петропавлда 9 мамырда 22 жастағы жігіт дәмханада қайтыс болды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтужедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта полиция мән-жайды анықтап жатыр. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі.

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Петропавлда 9 мамырда 22 жастағы жігіт дәмханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Оралда мектепте мұғалім көз жұмды

Оқиға туралы әлеуметтік желіден белгілі болды. Инстаграмдағы қалалық пабликтердің бірінде хабарланғандай, төбелестен кейін өзін нашар сезінген жігітке дәмханадағы адамдар көмектеспек болған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері де қолдан келгенді жасайды, бірақ жігіт көз жұмады. 

Полиция жігіттің өлімін растады. Олар қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

"Азия" дәмханасының жанында сәрсенбі күні Жамбыл ауданының 1996 жылы туған тұрғыны көз жұмды. Оның неден қайтыс болғанын анықтау үшін мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", — деген мәлімет берді ішкі істер департаментіндегілер.

 

Жаңалықтар
0