Экономика

Қазақстанда жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

© Sputnik / Болат Шайхиновақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ең жоғары орташа айлық еңбекақы Маңғыстау облысында тіркеліп отыр

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. 2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 152,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7 процентке көп, деп хабарлайды Energyprom.kz.

500 теңгелік банкнота - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда нақты жалақы көлемі қатарынан үшінші жыл төмендеді

Инфляцияны ескергенде жалақының сатып алу қабілеті 2 процентке ұлғайды. Сатып алу қабілетінің өсімі 2015 жылдың бірінші тоқсанынан алғаш рет байқалып отыр. Ақшаның ең көп өсімі Маңғыстау облысында тіркелді — бір жыл ішінде бірден +14 процентке, 282 мың теңгеге дейін артқан. Бұл елдегі ең жоғары орташа айлық еңбекақы.

Сондай-ақ, жалақы бойынша Атырау облысы (279,9 мың теңге, бір жылда +9,2 процент), Астана (223,5 мың теңге, +9,9 процент) және Алматы (187,8 мың теңге, +4,4 процент) қалалары көш бастап тұр.

Ең жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру саласының жұмысшылары (бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 299 мың теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,8 процентке көп), сонымен қатар ғылыми, техникалық қызметпен айналысып жүрген қызметкерлер (255,1 мың теңге, бір жылда +7,2 процент) алады.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде орташа жалақы 157 мың теңгеден асты

Өнеркәсіпте жұмысшылардың айлығы орташа есеппен 223,3 мыңға (+11 процент) жетті. Алайда тау-кен саласының қызметкерлері айына 366,2 мың теңге алады, бұл өткен жылға қарағанда 13 процентке артық.

Жалақының ең көп өсімі әкімшілік, қосалқы қызмет көрсету (бір жылда бірден 29,9 процентке, 178,7 мың теңгеге дейін) және құрылыс сегментінде (17,7 процентке, 201,4 мың теңгеге дейін) тіркелді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша республикада орташа айлық жалақы 149,7 мың теңгені (бір жылда +5 процент) құраған еді. Алайда инфляцияны ескергенде, жалақының сатып алу қабілеті 2,1 процентке төмендеді.

Жаңалықтар
0