Өңірлер

Жаңбыр, бұршақ және шаңды дауыл: 10 мамырда ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Болат Шайхиновауа райы
ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, найзағай, шаңды дауыл, батыста бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжанып отыр.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ түсуі мүмкін.

Қызылорда, күндіз Ақтобе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Алматы облысының жекелеген ауданында жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. 

Жаңалықтар
0