АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Новенькое ауылында снарядқа ұқсас зат табылды, деп хабарлайды ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Снаряд 8 мамырда сағат бірден кейін жеке үйдің ауласынан табылған.
"Арнайы іс-шаралар барысында анықталғандай, артиллериялық снаряд азаматтық соғыс кезінен бері жатыр екен (тат басқан, ұзындығы — 25-30 сантиметр, диаметрі — 7-8 миллиметр)", — деп хабарлайды ТЖК.
Екі сағаттан кейін саперлер снарядты жойды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.