АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. The Ring-тің бас редакторы Дуглас Фишер журналдағы өзінің бағанында қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) америкалық Ванес Мартиросянға қарсы (36-4-1, 21 КО) жекпе-жегіндегі нокаутпен байланысты даулы эпизодқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Интернетте жұрт Головкин спорттан шеттетілуі тиіс деп жазып жатыр. Алайда жекпе-жекті қайта қарап шығып, GGG соққы жасап жатқанда Мартиросян әлі құламағанын байқадым. Ал сен нені көрдің?", — деп сұрады Фишерден жанкүйерлердің бірі.
"Ол адамдар – мылжың ақымақтар. Сен көргенді мен де көрдім. GGG Мартиросян құлап бара жатқан сәтте ұрды. Егер соққы Мартиросянның тізесі немесе қолғабының бірі төсенішке (канвас) тигеннен кейін жасалса, ол кездейсоқ болғаны сөзсіз", — деп жауап берді The Ring бас редакторы.