Экономика

Halyk Bank қазақстандықтарды әлеуметтік желілердегі алаяқтардан сақтандырды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевHalyk Bank
Halyk Bank - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаржы ұйымы қара ниетті адамдар қандай да бір "ақылы сауалнамалардан" өтуге үндеп жатқанын айтты

АСТАНА, 8 мая — Sputnik. Halyk Bank әлеуметтік желілерде алаяқтар пайда болғанын хабарлады. Ескерту банктің ресми сайтында жарияланды.

Мейрамхана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада алаяқтар әкімнің атын бүркеніп, мейрамхана иелерін алдап кеткен

"Сіздерді әлеуметтік желілерде "ақылы сауалнамалардан" өтуден сақ болуды ескертеміз: бұл алаяқтардың әрекеті! Алаяқтық хабарламаларда Halyk Bank-тің корпоративтік түстері, қаріптері, логотипі, өнімдерінің және бірыңғай формалы киім киген банк қызметкерлерінің фотосуреттері, ойдан шығарылған адамдардың жалған пікірлері, шын мәнінде жоқ "клиенттерді қолдау қызметінің" байланыс телефондары пайдаланылған", — деп жазылған хабарламада.

 Сондай-ақ Халық банк және Халық тобының басқа да банктері ешқашан өз клиенттері арасында ақылы сауалнамалар өткізбейтіні және өзге интернет-сайттар арқылы клиенттер туралы мәліметтер жинамайтыны хабарланған.

"Дербес деректеріңізді интернет-банкингке кіру үшін логин мен парольді, мобильдік телефонның нөмірін, банк карталарыңыздың деректемелерін (карта нөмірі, картаны ұстаушының аты мен тегі, картаның қолданылу мерзімі мен  CVV/CVC) құпияда ұстаңыз және ешкімге айтпаңыз. Бейтаныс нөмірлерден шалынған қоңырауларға сенбеңіз, өзін банк қызметкерімін деп таныстыратын адамдарға – банктен смс арқылы алған растау кодын хабарлап айтпаңыз. Банк қызметкерлері мұндай мәліметті телефон арқылы сұрамайды", — деп ескерткен банк мамандары.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да жұрттан жұмысқа тұрғызамын деп 5 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталды

Сонымен қатар тауар сатып алатын сайттардың интернет мекенжайларын тексеру керек. Алаяқтар кез келген интернет сайттың тура көшірмесін жасай алатынын есте сақтау қажет.

Хабарламада электронды почта арқылы келетін банк сұрауларына қатысты күдік туындаған болса, банктің байланыс орталығына 8 (727) 2590777 (Алматы қаласы үшін), 8 8000 8000 59 (Қазақстанның басқа қалалары үшін) нөмірлері бойынша хабарласу керек екені айтылған.


Жаңалықтар
0