АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. Қазандағы (Ресей) элиталы балабақшаның тәрбиешісі 4 жасар баланы қатаң жазалағаны үшін сот алдында жауап береді.
"Тынығу сағатында" ұйықтамай, өзге балалардың ұйықтауына кедергі келтірген баланы тәрбиеші бір бау кілтпен және тәпішкемен ұрып-соғып, бет-аузын жастықпен жапқан. Кейін баланы кабинетке қамап, жарықты сөндіріп қойған", — деп жазылған Ресей тергеу комитетінің хабарламасында.
Әйелге адам өлтіруге оқталды және баланы заңсыз бас бостандығынан айырды деген айып тағылып отыр.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.