Отан қорғаушылар күніндегі әскери парадтың айшықты сәттері
Отан қорғаушылар күніндегі әскери парадтың айшықты сәттері
Sputnik Қазақстан
Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген әскери парад екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде қазақстандық әскерилері салтанатты шеру құрып өтсе, екінші бөлімде... 08.05.2018, Sputnik Қазақстан
Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген әскери парад екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде қазақстандық әскерилері салтанатты шеру құрып өтсе, екінші бөлімде сарбаздар шынайы тактикалық іс-әрекеттерді халық назарына ұсынған
"Отар" әскери базасының 40-шы полигонында өткен әскери парадқа үш мыңдай әскери қызметкер, 300 әскери техника және 40-қа жуық ұшатын аппараттар қатысты.
Бірнеше айға созылған дайындықтың арқасында әскери парад ерекше өтті.
Sputnik Қазақстан фотолентасын тамашалап, еліміздің ең басты әскери шарасының айшықты сәттеріне куә болыңыздар.
"Қазақстандық әскери қызметкерлер – жауынгерлік даңқ пен өткен ғасырдың сұм соғысында фашизмді жеңген ата-балаларымыздың ізін жалғастырушылар. Олардың ерлігі мен туған елінің болашағы үшін ақтық демі қалғанша күрескенін ешқашан ұмытпаймыз", - деді Елбасы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде.
Салтанатты шеруде ҚР ҚК арнайы операциялар күштерінің, Мемлекеттік қорғаныс қызметі, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан, сондай-ақ аймақтың жасақтардың әскери қызметкерлері сап түзеді.