Өңірлер

Ауа райы болжамы: кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін

© Sputnik / Дмитрий Паршин / Медиабанкке өтуБұршақ
Бұршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде жел соғып, жауын-шашын, тұман түседі

АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. Қазақстанда сейсенбі 8 мамыр күні жел тұрып, ұйытқуы 23-28 м/с жетеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Республиканың солтүстік бөлігінде атомосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, бұршақ жауып, күн күркіреуі мүмкін", — делінген хабарламада.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с, тұман.

Жылу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ызғарлы көктем: Астанада жылыту маусымы ұзартылды

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні түнде 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, кей жерлерде тұман түсіп, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с.

Жаңалықтар
0