Өңірлер

Ақтау тұрғынының көшеде ойнап жүрген балаға оқ атқан сәті видеоға түсіп қалды

© AP Photo / Rogelio V. Solisпистолеттен оқ ату
пистолеттен оқ ату - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүлдіршінге терезеден оқ атқан күдікті ұсталды

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Ақтауда 14 шағын ауданда ер адамның балаға оқ атқан сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады lada.kz.

Баланың анасы ер адам ұлын абайсызда емес, әдейі жаралады деп санайды. Бейнебақылау камерасындағы видеодан бүлдіршіннің аяғын ұстап, жан-жағына қарап тұрғаны анық көрінеді.

"Бұл тіпті кездейсоқ болса да, ешкімнің терезеден оқ атуға құқығы жоқ. Бұл үшін арнайы орындар бар", —деп ашуланды баланың анасы Лейла.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Балаға екі рет оқ атқан Теміртау тұрғыны түрмеден құтылып кетті

Бүгін зардап шеккен баланың анасы, полицейлер мен куәгерлер оқиға орнында болды.

"Баланы байқамай қалатындай, ол жерде бұта-тал жоқ. Ұлым тұрған жер анық көрінеді", —деді Лейла.

Еске салып өтсек, оқиға 30 сәуір күні Ақтаудағы 14 шағын ауданда №20 үйдің артында болған. Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Оқ атқан күдікті ҚР ҚК 293-бабы 3-тармағы (Атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша айыпталуда.

Жаңалықтар
0