Спорт

Головкиннің бапкері GGG-дің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

© AP Photo / Chris CarlsonГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде америкалық Мартиросянды нокаутқа түсіріп, чемпиондық белдіктерін қорғап қалған еді

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес отандасымыздың жаттығуларға қашан оралатынын айтып, боксшының келесі қарсыласы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

"Головкиннің келесі қарсыласы Мурата, Джейкобс, Чарло және Деревянченко болуы мүмкін. "Канеломен" қарымта жекпе-жек те өтеді деген үміттемін — жанкүйерлер де бұл реваншты асыға күтуде. Менің ойымша, Головкин әлі жас және оның өзін қалай күтетінін ескерсек, ол әлі қырыққа дейін жұдырықтаса алады. Альвареске қарсы жекпе-жек ақша үшін ғана қажет емес: өткен жылдың қыркүйегінде жауапсыз қалған сұрақтарға жауап алу қажет. Менің пікірімше, Джейкобс пен Чарло жекпе-жек ұйымдастырады. Бұл үлкен айқас болады. Чарло Джейкобсты оп-оңай жеңіп тастайды делік, сонда біз табысы көп жекпе-жекке қол жеткіземіз. Ал Деревянченко GGG-мен шаршы алаңға шығатындай ештеңе көрсете қойған жоқ", — дейді америкалық бапкер.

Санчес Головкиннің жаттығу лагеріне маусым айында оралуы мүмкін екенін айтты.

Еске салып өтсек, 5 мамыр күні отандасымыз Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросоянмен жекпе-жеккке шығып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.

GGG WBA Super, WBC және IBO бойынша орташа салмақтағы чемпиондық белдіктерін қорғап қалды.

Жаңалықтар
0