Оқиға

Алматыда жол апатына түскен көліктен 7 жасар бала ұшып кетті

© SputnikАлматыда көлік шұңқырға аударылып түсті
Алматыда көлік шұңқырға аударылып түсті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Үш адам ауруханаға жеткізілді, біреуінің хәлі ауыр

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Құлжа күре жолында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеде ішінде екі ересек адам мен бала отырған көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Құлжа күре жолында Рысқұлов даңғылы жаққа қарай келе жатқан Hyundai көлігінің жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жерге жақындағанда рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік металл қоршауды бұзып, шұңқырға аударылып түседі. Жол апатынан машинаның ішінде отырған жеті жасар бала ұшып шығады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, құрылыс нысанында ешкім болмаған, сондықтан бала жарты сағат бойы көмек іздеген. Жол жөндеушілердің бірін кезіктірген бала жағдайды айтып береді. Апат орнына жедел жәрдем, полиция мен құтқарушылар шақыртылған.

© SputnikАлматыда көлік шұңқырға аударылып түсті
Алматыда көлік шұңқырға аударылып түсті - Sputnik Қазақстан
1/2
Алматыда көлік шұңқырға аударылып түсті
© SputnikАлматыда көлік шұңқырға аударылып түсті
Алматыда көлік шұңқырға аударылып түсті - Sputnik Қазақстан
2/2
Алматыда көлік шұңқырға аударылып түсті
1/2
Алматыда көлік шұңқырға аударылып түсті
2/2
Алматыда көлік шұңқырға аударылып түсті

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көлік ішінде қыстырылып қалған ер адам мен әйелді алып шығу үшін есігін кесіп алады. Үшеуі де ауруханаға жатқызылды. Әйел адамның хәлі ауыр.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр

 

Жаңалықтар
0