АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Boxingnewsonline.net сайты Геннадий Головкинге бес қарсыластан тұратын тізім ұсынды, деп жазады Sports.kz.
Бірінші орынға басылым 5 мамырда болуға тиіс, бірақ допингпен ұсталып, жекпе-жектен бас тартқан Сауль Альвареспен рематчты қойған. Тізімде екінші болып Билли Джо Сондерс тұр, онымен Головкин орта салмақтағы абсолютті чемпион атағы үшін жұдырықтасу керек.
Бұдан бөлек, Дэниэл Джейкобспен реванш бар. Сондай-ақ ТОП-5 тізімге міндетті қарсыластар кіреді: WBC бойынша Джермалл Чарло және IBF бойынша Сергей Деревянченко.