АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин жұмысына метромен барып, қоғамдық көлік ішінде тегін интернетке қосылып көрді.
Смартфонына қарап бір шетте тұрған қала басшысын жолаушылардың бірі суретке түсіріп алған.
Сергей Собянин де бұл суретті Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
Ал желі қолданушылары жоғары лауазымды шенеуніктің қауырт мезгілде қоғамдық көлікке отырғанына таңғалысты.