Өңірлер

Ақмола облысында мас күйінде көзге түскен әкім жазаланды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімнің сөзіне сүйенсек, Көкшетауда такси шақыру үшін мас күйінде көшеге шығыпты

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Егіндікөл ауылының әкімі қоғамдық орында мас күйінде көзге түскені үшін айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті.

Ведомство материалына сүйенсек, Егіндікөл ауылының әкімі Башенов А.К. бес ай бойы әкімшілік айыппұлын төлемепті. 2017 жылдың қарашасында Көкшетау көшелерінің бірінде оны полиция тоқтатып, мас күйінде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырған.

Мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін бұзған ауыл әкімінің жеке ісі Ақмола облысы этика бойынша кеңесінде тыңдалды.

Әкімнің айтуынша, 11 мың теңге айыппұлды жақында төлеген екен. Ол мас күйінде жүргенін мойындап, такси шақыру үшін көшеге шыққанын, қаланы дұрыс білмегендіктен автобус аялдамасында тұрғанын айтып берді.

Этика бойынша кеңес Егіндікөл ауылының әкіміне қатаң сөгіс жариялауға шешім шығарды. Бұл шешім Егіндікөл ауданы әкіміне жіберіліп, әрі қарай тәртіптік шаралар қабылданады.

Жаңалықтар
0