Қоғам

Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін отандық арналардан тамашалай алады

© AP Photo / Jae C. HongГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін жекпе-жекті көрсету құқығын 151 ел сатып алғаны хабарланған болатын, бірақ бұл тізімде Қазақстан жоқ еді

АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі ертең "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан көрсетіледі. Бұл туралы "Қазақстан" ТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Теледидар пульті - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин – Мартиросян жекпе-жегі Қазақстанда көрсетілмеуі мүмкін

"Генадий Головкиннің жекпе-жегін трансляциялау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді! Біздің жанкүйерлер ертең, 6 мамыр күні, "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан Головкиннің жекпе-жегін көре алады. Жекпе-жектің басталуы сағат 07:00-де. Ал, жекпе-жектің алдында сағат 06:30-да студияға Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев келіп, комментаторлармен бірге алдыңғы жекпе-жек туралы ойларымен бөлісіп және алдағы жекпе-жекке байланысты болжам жасайды. Ал, трансляциядан кейін, Головкиннің жекпе-жегі туралы сараптамалық бағдарлама шығады", — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетсек, 5 мамырда (Қазақстанда 6 мамыр таңертең) Головкин Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) америкалық боксшы Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Жаңалықтар
0