Қоғам

Мәскеуде қаза тапқан студент қыздың мәйіті Астанаға жеткізіледі

© AFP 2024 / LIU JIN Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Қазақстан консулдығының қызметкерлері ауруханада, мәйітті жөнелту үшін тиісті шаралар атқарып жатыр

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар қаза тапқан студент қыз Томирис Байсафаның мәйітін жөнелту үшін тиісті шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жасөспірім қыздың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресейде қаза болған қыздың анасы әлеуметтік желіде пост жариялады

Жоспар бойынша бойжеткеннің мәйіті бүгін кешкісін елге жөнелтіледі.

"Бүгін кешке қыздың мәйіті Астанаға жіберіледі. Қазір консулдық қызметкерлері ауруханада, жөнелтудің алдында тиісті шараларды түгел атқарып жатыр", — деп хабарлады дипломатиялық ведомство. 

Бейсенбі күні Мәскеудегі Склифософский атындағы ҒЗИ мәлімдегендей, Халықаралық қатынастар халықаралық мемлекеттік институтының (МГИМО) төртінші қабатынан құлап кеткен 21 жастағы қазақстандық студент Томирис Байсафа көз жұмды.

Жаңалықтар
0