Саясат

Назарбаев пен Цзиньпин маусымда Қытайда кездеседі

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин
Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қытай елшісінің сөзіне сүйенсек, Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қытайға іссапармен барады

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстан мен Қытайдың мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин маусымда кездеседі, деп хабарлады ҚР-дағы ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэй Астанадағы Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) өкілдігінің ашылу салтанатында.

Халық банкі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Халық банкі Altyn Bank акциясының 60%-ын қытай инвесторларына сатты

"Биыл алдымызда талай маңызды оқиғалар күтіп тұр. Меніңше, ең маңыздысы – қос елдің президенттерінің маусым айында Қытайда өтетін кездесуі. Сонымен қатар, биыл Қазақстанның билік өкілдері Қытайға іссапармен барады, оның ішінде құрметті премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мырзаның, вице-премьер Асқар Мәмин мырзаның келуін күтеміз. Бұл екі ел арасында жоғары деңгейде байланыс орнағанын көрсетеді. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасымыз бен ынтымақтастығымыздың айшықты дәлелі бола алады", — деді Чжан Ханьхуэй.

Қытайдың ірі коммерциялық банкі — Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) Астанада өкілдігін ашты. Алматыда қызмет ете бастағанына биыл 25 жыл толып отыр. 

Астанада банктің ашылуында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев сөз сөйледі. Ол екі ел арасындағы қатынастардың қарыштап дамып келе жатқанын атап өтті.

"Былтыр дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өттік. Осы уақыт аралығында ынтымақтастығымыз үнемі дамып, нығая түсті. Бүгінде әртүрлі бағыттар бойынша қарқынды даму байқалады. Дипломатиялық қарым-қатынасымыз алғаш орнаған кезбен салыстырғанда тауар айналымы 30 есе көбейіп, Қытайдың Қазақстанға салған инвестиция көлемі 40 миллиард доллардан асты. Мұның бәрі екі ел басшылары, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы жақсы қарым-қатынастың жемісі деп білеміз", — деді Досаев.

Жаңалықтар
0