АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Юрий Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді.
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін "М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" РМҚК артисі Юрий Борисович Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", — деп жазылған Ақорданың сайтынағы жарлықтың мәтінінде.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.