Қоғам

Ажалмен ойын: Астанада балалар көпқабатты үйдің төбесінде жүр

© AP Photo / Darko VojinovicШатыр
Шатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілерде көпқабатты үйлердің төбесінде жүрген жасөспірімдердің суреттері мен видеосы тарап кетті

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Астанада Абылайхан көшесіндегі бес қабатты үйдің төбесіне оқушы қыздар шығып алып, суретке түскен.

2 мамырда оқиға куәгерлері түсірген видеода төртінші сынып оқушылары ғимараттың шатырына шығып, суретке түсіп жүр. Ал төбеге шығуға ешқандай тосқауыл болмапты, жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан люк ашық тұр екен.

Елорданың ішкі істер департаменті хабарлағандай, қыздар — №32 мектеп-гимназиясының оқушылары.

"Ювеналды полицияның учаскелік инспекторлары кәмелеттік жасқа толмаған балалар және олардың ата-анасымен әңгіме жүргізіп, мұндай жайттың қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді", — деп хабарлады ІІД.

Әлеуметтік желілерде шатырда серуен құрып жүрген жасөспірімдердің суреттері жаппай жарияланып жатыр. Болжамдардың біріне сүйенсек, қазақстандық балалар қауіпті бір ойынның жетегінде кетуі мүмкін, ойын шарты бойынша үйдің төбесіне шығып видео түсіру қажет екен.

 

Жаңалықтар
0