Қоғам

Назарбаев тәуелсіздік алған кезде әскер басқаратын жалғыз генерал тапқанын еске алды

© Sputnik / Медиабанкке өтуГенерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов
Генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент бір топ азаматқа әскери және арнаулы атақтар мен жоғары дәрежелі шендер тапсырды

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 және 9 мамыр қарсаңында дәстүрі жоғары әскери және арнаулы атақтар мен шендерді тапсыру салтанатында тәуелсіздік алған кезде ел әскерін басқаратын генерал таба алмай, жалғыз бір адамды тапқанын еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Орден, мемлекеттік марапаттар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы әскери және арнаулы атақтарды кімдерге берді?

"Қатар аталатын осы қос мерекенің алдында Бас қолбасшы ретінде жоғары дәрежелі шендер мен атақтар тапсыратынымды өздеріңіз білесіздер. Ерлік пен патриотизмді дәріптейтін осы айтулы күндер биыл Астананың жиырма жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақта "Елді қорғау — ердің ісі, ерді қолдау — елдің ісі" деген қанатты сөз бар. Сондықтан мен бүгін сіздерге жеткен жетістіктеріңіз, халыққа үздік қызмет еткендеріңіз үшін арнаулы атақтар мен жоғары шендерді тапсырғалы отырмын. Осымен қатар, мінсіз әскери қызметі мен ерен еңбегімен ерекшеленген азаматтарға  орден-медальдарды тапсырамын", — деді президент марапаттау салтанатында. 

Елбасының айтуынша, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстан антқа берік, аманатқа адал айбынды армия тәрбиелеп, оны жабдықтап келеді. Нұрсұлтан Назарбаев сайыпқыран сардарлар мен сарбаздардың қастерлі тәуелсіздігіміздің қорғаны бола білгенін атап өтіп, алдағы уақытта да бола беретініне сенім білдірді. 

оқу-жаттығу, архив - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан 120 әскери қызметкерін Ливанға жібереді

"Баһадүр бабалардың ерен еңбегін егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда деп айтуға болады. Бүгін бір топ азаматтың жоғары наградалармен марапатталуы соның айқын дәлелі. Мен осы марапаттауға келе жатып, "74 жыл кеңес одағында болған уақытта қай адамға генерал шені тапсырылды?" деп ойландым. Бүгін бір күннің ішінде 22 атақ берейін деп отырмын. Тәуелсіздік алған кезде елдің әскерін басқаратын бір генерал іздеп, жалғыз Нұрмағамбетовты тапқан болатынмын.  Еш уақытта осыны естен шығармаңыздар. Ел болып, тәуелсіз Қазақстан болғаннан кейін Бас қолбасшысы өз қолымен осындай атақ береді", — деген мемлекет басшысы жиналғандарды Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтады.


Жаңалықтар
0