АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Биылғы жылдың алғашқы үш айындағы қорытынды бойынша әуе компаниялар 1,7 млн адамды тасымалдаған екен, бұл былтырғы көрсеткіштен 21,8%-ға көп.
"2018 жылдың алғашқы үш айында әуе тасымалдаушылары 63,4 миллиард теңгеге қызмет көрсетті, бұл бір жыл бұрынғы сомадан 21,2%-ға көп", — деп атап өтті Finprom сарапшылары.
Қорыта айтқанда, 2017 жылдың нәтижесі бойынша әуе компаниялардың жалпы кірісі 295,6 миллиард теңгені құрады.
"2017 жыл ішінде жолаушылар тасымалы 22,1%-ға, яғни 1,4 миллион жолаушыға көбейіп, 7,4 миллион адамға жетті", — деп мәлімет береді портал.
Жүк тасымалы 24,6%-ға артып, 22,5 мың тонна болды.